19 ноября 2014 г.

Көкөністердің дене еңбегімен көп айналысатын адамдардың азығындағы маңызы

КӨКӨНІСТЕРДІҢ ДЕНЕ ЕҢБЕГІМЕН КӨП АЙНАЛЫСАТЫН АДАМДАРДЫҢ АЗЫҒЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ

Дене еңбегімен көп айналысатын адамдар үшін толығымен «құнарсыздау тағамдармен» қоректену қажеттілігін ешкім де ұсынбайды. Алайда, күнделікті тағам мәзіріне өсімдіктектес азықтарды қосу ешқандай да кері әсер туғызбайды. Егер де сіз өз ағзаңыздың (организм) бар мүмкіндігін толығымен пайдаланғыңыз келетін болса, ондай жағдайда сіз үшін көкөністерді пайдалану нақты қажет. Бүкіл әлем бойынша диетологтар күніне кем дегенге 600 грамм көкөністі азық ретінде пайдалануды ұсынады. Өсімдіктектес азықтар – өсу үшін өсімдіктер өндіретін антиоксиданттар мен химиялық заттардың қоймасы болып саналады. Көкөністердің кейбір құрамдас заттары, мысалы қызанақтағы ликопин немесе сәбіздегі картотин (провитамин А) бірқатар аса зарарлы аурулардың алдын алуға сеп болуы мүмкін. Көкөністердің құрамында көп мөлшерде кездесетін антиоксиданттар бұлшық еттердің қайта қалпына келуіне жақсы әсер етеді.
Көкөністер құрамында крахмалдың мөлшеріне байналысты екі топқа бөлінеді:
* Крахмалды көкөністер (картоп, кәді (кабачок), самсар (патиссон), асқабақ, тарна (брюква), гүлді капуста, сәбіз, қызылша, желкөк тамырлары (корни хрена), ақжелкен (петрушка), балдыркөк (сельдерея);
* Жасыл, крахмалсыз – бұлар түрлі көкөністер, қияр, баялды (баклажан), қауданды капустаның барлық түрлері, жасыл және шалқан пиздар, сарымсақ, шалғам (редис), шомыр (редька), шалқан (репа), тәтті бұрыш, қызанақ.
Көкөністерді бұлай топтастыру оларды басқа да азық-түлік өнімдерімен дұрыс қатынаста пайдалануға мүмкіндік береді.
Крахмалға өте бай бірінші топтың көкөністері, әсіресе картоп құнарлылығы бойынша дәнді және жарма дақылдарымен теңдей болады. Сондықтан оны етпен бірге пайдаланбаған жөн.
Ал екінші топтағы көкөністер сүттен басқа көптеген азықтық өнімдермен керемет үйлесім табады. Олар жануартектес нәруыздардың қорытылуына, сонымен қатар ағзадағы токсиндерді бейтараптандыруға және оларды шығарып тастауға қабілетті.

Көкөністер – спортсмендердің қорегінде көбінесе жетіспеушілік туғызып тұратын клетчаткалардың керемет қайнар көзі болып саналады. Егер түскі ас құрамындағы кесек етке крахмалсыз көкөністен қосатын болсаңыз, ол тамаңтың жалпы калориялығын төмендетуге көмектеседі, ет жақсы сіңіріледі, ал клетчатканың пайдалы жоғарғы мөлшері ұзақ уақыт бойына тоқшылық сезімін қалыптастырады. Барлық жасыл көкөністердің калориялығы төмен  болып келеді, сондықтан оларды еш шектеусіз пайдалана беруіңізге болады.

Комментариев нет:

Отправить комментарий