Ізгілікті ниеттегі хат
Халық депутаттары Жайылма
ауылдық кеңесі атқару комитетінің төрағасы Б.Дондаев жолдасқа
Аудандық кеңестің № 33 К.Маркс
сайлау округінен депутат С.Рахымжановтан
Ұсыныс
Калинин атындағы кеңшардың орталығында 7 көше бар. Олардың
бір қатарына Гараж, Жаңа көше, Мектеп, Гагарин, Чапаев деген аттар берілген. Ол
аттардың нендей негізге сүйеніп қойылғандығы туралы әртүрлі пікірлер бар.
Оның есесіне кезінде кеңшарда тер төгіп еңбек еткен көптеген
адамдардың есімі бұл күндері ұмтылуға жақын. Олардың ішіндегі әсіресе
Социалистік Еңбек Ері Бақберген Нұғыманов, Тоғыман Күлшеев, Мұса Есжановтар
туралы бүгінгі ұрпақ түк те білмейді. Бұл мәселе мені көптен ойландырып жүр.
Сондықтан кеңшардың үш көшесіне осы үш Еңбек Ерінің атын беру жөнінде кезекті
сессияға ұсыныс жасауыңызды сұранамын.
Сонымен қатар кеңшардағы Мәдениет үйіне
қобызшы Сағынтай Елепановтың есімін беруге болады деп ойлаймын. Осы мәселердің
таяудағы сессияда шешілгені дұрыс.
Калинин
атындағы кеңшар партия комитетінің хатшысы С.Рахымжанов, 18.09.1990 ж.
Комментариев нет:
Отправить комментарий