31 июля 2017 г.

13 500 $ тұратын қауын мен 6 500 $ тұратын қарбызды жапондықтар өсіреді


Мен жалпы жапондықтарға риза боламын. Кез-келген нәрсесін брэнд ретінде қалыптастыра алады. Көліктері туралы әңгіме бір бөлек, аграрлық саласына келейікші.
Мысалы, әлемдегі ең қымбат қауын мен қарбыз сол күншығыс еліне тиесілі. Жапонияның Хоккайдо аралында түйнегі 13 500 $ сатылған қауынның "Юбари" сорты, бір түйнегі 6 500 $ сатылған қарбыздың "Дэнсукэ" сорты өсіріледі.

Фото Birzhan Sultanuly.
«Юбари» қауыны – аукциондарда қымбат бағаға сатылатын өсімдіктектес өнімдердің арасындағы рекорсмен. Олар дөңгелек пішінге ие және сарғыш жүйкелі бедерлі өрнектер қалыптастыратын ерекше жасыл қабығымен ерекшеленеді. Қауынның бұл сортының сәбізтүстес жұмсағы нәзік үйлесімді дәмі мен өзіне тән тәтті хош иісімен бағаланады.
Хоккайдо аралындағы Юбари қаласы қазіргі таңда Жапонияның «қауын астанасы» болып саналады, дегенмен жарты ғасыр бұрын бұл жерде қаланың барлық еркектері дерлік аянбай еңбек ететін көмір шахталара ығана болатын.
Тау-кен өнеркәсібі бертін келе өзінің тиімділігін жоғалтып, шахталар жабыла бастады. Юбари қаласының басшылығы сол кезде банкротқа ұшырады, алайда туристерді жаппай тарту орталығына айнала отырып мәселені шеше алады. Әрине, бұл мәселеде де жергілікті қауынның рөлі айтарлықтай мәнге ие болды.

Фото Birzhan Sultanuly.
“Дэнсукэ” деп аталатын қарбыздың бұл сорты Жапонияның Хоккайдо аралында өседі. 1980 жылдары бұл сортты өсіру қолға алынған тұста, Хоккайдоның Тома аймағындағы дәстүрлі күріш шаруашылығы кенжелей бастаған-ды. Сондықтан да болар, қарбыздың бұл сортының атауы “күріш алқабының құтқарушысы” деген мағынаны білдіреді екен.
“Дэнсукэ” қарбызы табиғи қара түсімен және тіл үйірер дәмімен ерекшеленеді. Орташа салмағы 5-7 кг-ды тартады. Сирек кездесетін болғандықтан, қарбыздың бұл сұрпы жылда аукцион арқылы сатылымға түседі. Осы жылғы аукционға 110 данасы шықты. Негізінен бұл қара қарбыз сырты қара қорапшамен қапталады. Бұл оның табиғи түсін сақтап қалуға септігін тигізеді екен. “Дэнсукэ” сортты ең қымбат қарбыз осыдан бес жыл бұрын 650 мың иенге (6500$) сатылған болатын. Алдағы уақытта қарбыздың бұл сортының 60 мың данасы сатылымға шығады деп күтілуде. Оның әр данасы 50$ тұрмақ. 

Ақпарат: Корреспондент.net және массагет.kz порталдарынан алынды

Комментариев нет:

Отправить комментарий